"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
"Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрамында (…): 30-тармақты келесі редакцияда баяндау: "49. Ахмад Вакар – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)", – делінген Үкімет қаулысында.
Қаулы күшіне енді.
Ұлыбритания азаматы Ахмад Вакар "Назарбаев Университетінің" президенті болып 2024 жылғы маусымда тағайындалған.
Ахмад Вакар туралы не белгілі?
"Профессор Ахмад Вакар – тәжірибелі ғылыми басшы, ол Абу-Даби университетінің президенті қызметін атқарған. Бұған дейін ол Абу-Даби университетінің вице-канцлерінің орынбасары, Лидс университетінде бастапқы медициналық көмек бойынша ғылыми зерттеулер профессоры, сондай-ақ Йорк және Брэдфорд университеттерінде доцент болған", - делінген университеттің сайтында.
Фото: nu.edu.kz


Ең көп оқылған
