457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Назарбаев университеті студентінің өлімі. Қылмыстық іс қозғалды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақханада мәйіті табылған Назарбаев университетінің студентінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды. 


Министрдің айтуынша, полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында ешқандай мәлімет айтылмай жатыр. Біз тек полициямен жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз, – деді министр. 

Журналистер министрден оқиғаға студенттер арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін бе деп сұрады.

Біз түсініктеме бере алмаймыз. Полиция департаменті тергеу аясында қосымша ақпарат айтады. Біз осылай келістік, – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев университеті жатақханасынан студенттің мәйіті табылған еді. 

Фото: nu.edu.kz