Абай облысында туристерге арналған заманауи дәретханалар орнатылып жатыр

Абай облысының танымал туристік аймақтарында және Семей қаласындағы демалыс орындарында заманауи санитарлық тораптар орнатылып жатыр. Барлығы 9 дәретхана қойылады.
Оның үшеуі — Алакөл жағалауына, тағы үшеуі — мерейтойлық іс-шара өтетін Қарауылтөбеге, біреуі — Жидебайдағы Абай кесенесі маңына, ал қалған екеуі Семей қаласындағы Түйемойнақ аралындағы саябаққа орнатылады.
Келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған бұл санитарлық тораптар — бұған дейін елордада өткен Көшпенділер ойындарында қолданылған үлгідегі заманауи дәретханалар.
Фото: Абай облысының әкімдігі

Ең көп оқылған
