Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Сұлу Бөлек

  • 14.05.2025

БАҚ беттерінде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл - жалған ақпарат , - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты теріске шығарды. 

Еске салайық, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр екені айтылған еді. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәлімдеді. Ол Президенттің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем алып жатыр. 

Кейінгі уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.

Сара Алпысқызы туралы не белгілі?

Сара Алпысқызы өмір бойы "нағыз бірінші ханым" атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады. Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.

Сара Алпысқызының неге көзден таса болғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, "жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған".

Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорын, "SOS – Қазақстанның балалар ауылдары" қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды.

Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Байланысты жаналықтар

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты