Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерден сүйінші сұрады

Арман Қайыпхан

  • 04.03.2025

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласында өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өткен жылы ең беделді халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беру жөнінде арнайы заң қабылдадық. Оған қоса "Болашақ" бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде шетелдің озық университеттеріне түсу құқығын бердік. Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдау жөнінде тиісті тапсырма берген болатын, міне сол тапсырма аясында жұмысымыз жүріп жатыр, - дейді депутат.

Енді депутаттар дайындаған заң аясында дарынды балаларға және оларды дайындаған ұстаздарға бірреттік сыйақы берілетін болды.

Бүгін ұсынылып отырған заң жобасында дарынды және оларды дайындаған ұстаздарға бірреттік сыйақы беру туралы норма енгізіліп отыр. Біздің ойымызша, бұл - өте маңызды норма. Өйткені бұл шара жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға және талантты оқушыларды ынталандыру үшін маңызды шараның бірі. Мұндай конкурстардың жеңімпаздарына арналған ең жоғары төлем мөлшері 6 миллион теңге шамасында болады. Сонымен қатар осы балаларды дайындаған педагогтарды да ынталандыру ұсынылуда, - деді Асхат Аймағамбетов.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған