Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі балабақшаларда тексеру жұмыстары басталып, оларға қойылатын талаптар күшейетіні туралы жазды. Министр балабақшадағы камералар әсерінен балалар құқығының бұзылған фактілері анықталғанын жазып, енді оларды қорғау мәселесіне баса көңіл бөлмек екен.

Ақниет Аманжолқызы

  • 02.06.2022

Министрдің сөзінше, ведомство осы кезге дейін балабақшаларға қойылатын талаптарын күшейтіп, лицензиялау мен мемлекеттік бақылауды қайтаруға тырысыпқ келген. Алайда сол кезде кәсіпкерлер палатасы, балабақшалар қауымдастығы мен бірқатар мемлекеттік орган бұл норманы заңға енгізуге кедергі жасаған. Биыл министрлік алдынан кедергі кеткен болу керек, себебі енді балабақшаларға қойылатын талаптар күшейеді екен.

«Қазір бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз:
1. Лицензиялауды қайтару. Бұл мәселе бойынша депутаттардың, қоғам мен мемлекеттік органдардың қолдауына үміт артамыз.
2. Жұмыс жағдайлары мен сапасын тексеріп, барлық балабақшаны аттестациялаудан өткізу.
3. Балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту.
4. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру.
5. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту
», - деп жазды Аймағамбетов.

Сонымен қатар, балабақша тәрбиешісі мамандығына деген қызығушылық та азайған. Осыған орай министрлік тәрбиешілердің жалақысын өсіріп, олардың жұмыс кестесін реттеуді қолға алмақ.

Айта кетейік, осыған дейін кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында мемлекет жекеменшік балабақшаларда тексеру жұмыстарын жүргізе алмайтын. Бұл бағдарлама елдегі балабақша санын арттыру үшін ашылған. Он жыл ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 99%-ы балабақшамен қамтылған. Алайда ол балабақшалардың жартысы техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылғанын министрдің өзі мойындап отыр. Былтыр балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмаған.

Байланысты жаналықтар

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

04.01.2023

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

27.12.2022

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

01.09.2022

Аймағамбетовтің бұйрығынан Бозтал мектебі жабылмақ

29.08.2022

Аймағамбетов 36 мыңға, қала тұрғыны 93 мыңға керек-жарақ алған.

16.08.2022
MalimBlocks
Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық уақыт тізгіндеген

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

Соған ашуы-ызасы туды ма екен?!

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

Министрім не дейді, президентім не дейді? Аймағамбетов Тоқаевты екі айдың ішінде екі түрлі сөйлеуге мәжбүрледі.

Аймағамбетовтің бұйрығынан Бозтал мектебі жабылмақ

Арыс қаласынан Абай облысына көшіп барған ата-аналар ашынып отыр

Аймағамбетов 36 мыңға, қала тұрғыны 93 мыңға керек-жарақ алған.