Алматы маңындағы тауда бала эвакуацияланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Букреев шыңына (3010 м) түнгі уақытта шыққан туристер тобында үш бала болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы хабар түскен.
Құтқару тобы Бутаков шатқалы арқылы қиын әрі қолжетімсіз жолмен жаяу көтеріліп, координаттар бойынша туристерді тапты. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Құтқарушылар оны ересек адамның ілесуімен төмен түсіріп, таудың етегіне аман-есен жеткізді.
РЖҚЖ құтқарушыларының кәсіби іс-әрекеттері нәтижесінде эвакуация сәтті аяқталды.
Фото: видеодан скрин


Ең көп оқылған
