Алматы облысында мектеп-интернат оқушылары білім ордасына қонып оқып жүр

Жөндеу екі жыл бұрын басталған ғимаратта құрылыс жұмыстары тоқтап қалған.

Берік Дәулетов

  • 23.05.2024

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернат оқушылары білім ордасына қонып жүр. Себебі  мектеп жанындағы жатақхана күрделі жөндеуге жабылған, деп хабарлайды Malim.kz 31-телеарнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мектепке түнеп жүрген балаларының келешегіне алаңдаған ата-ана ұл-қыздарымыз оқу жылын жаңа ғимаратта бастаса екен деген тілегін жеткізді.

Жөндеу екі жыл бұрын басталған ғимаратта құрылыс жұмыстары тоқтап қалған.

Ал осы уақыт аралығында оқушылар сыныптарды жеке жатын бөлмелеріне айналдырып, бір сыныпта он-он бес баладан топтасып жатады екен.

Қарасай ауданына өтініш, Қонаев қаласына өтініш. Ата-ана ретінде, көпбалалы ана ретінде сіздерден өтініп сұраймын. 1 қыркүйекке мына жатақханамызды бітіріп беруіңізді сұраймыз. Балаларымыз қазір мектептің ішінде жатыр. Мектептің ішінде жатады, мектептің ішінде тамақ ішеді. Өйткені бізде басқа мүмкіндік жоқ, – деді ата-ана Данышпан Дәуітқызы. 

Білім ордасының ауласында орналасқан жатақхананың жөндеу жұмыcын "ГрадСтройСервис" жүргізуге тиіс болған. Алайда құрылысты бастаған компания жұмысты жарты жолда қалдырған екен. 

Жатақхана 1960 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Конкурсқа тапсырушы Қарасай білім басқармасы болды. Солар өздері тендер ойнатып, сол 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап біз мына жатақхананы босатып бердік. Күрделі жөндеу жұмыстары тоқтап қалды. Мердігерлер қаңтарда кетіп қалды, ал жұмыс бітпеді, – деді И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының басшысы Ләззат Қасымбекова. 

Ал Алматы облысы Қарасай ауданы білім бөлімі мамандарының айтуынша, осыған дейін Алматы облысы мәслихатынан қаржы бөлінген. Алайда жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс компания межелі уақытта құрылысты аяқтай алмаған. Ал шенеуніктер мектепті паналаған балалардың мәселесі жақын уақытта шешіледі дейді. 

Алматы облысының білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Білім бөлімінің мәліметі бойынша, биыл мамырда қаражат бөлініп, байқау жарияланады. Ұтқан өтінім беруші Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатында күрделі жөндеуді  жалғастырады, – деді Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің маманы Айдар Серғазыұлы. 

Ал мектеп ұжымының да, ата-аналардың да жалғыз талабы – жаңа оқу жылы басталғанша білім ордасының жатақханасына кіру.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025
MalimBlocks
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады