Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

Сабина Асқарқызы

  • 07.04.2025

Алматы облысында бір топ жігіт уақытша ұстау изоляторынан видео үндеу жолдап араша сұрады, деп хабарлайды  Malim.kz.

Олар қолдарын толықтай тілгілеп тастаған. Төрт жігіт  өздерінің қамауда аш жатқандарын, көмектеспесе  асылып өлетіндерін айтып, сес көрсетті. 

Іле ауданының уақытша ұстау изоляторында заңсыздық. Аштан жатырмыз. Не істейміз, міне видео үндеу. Міне, бәрін кесіп жатырмыз. Келіп тексеріңдер, әйтпесе асылып өлеміз, - дейді қамаудағы күдіктілер.

Олардың қандай қылмыс жасағандары белгісіз. Бәрі жағдайларының қиын екенін айтып отыр.

Бізге сіздерден басқа көмектесетін ешкім жоқ, бәрінен сұрап жатырмыз, ешкім ештеңе бермейді. Полицейлер айтқанға мән бермейді мүлдем, - дейді тағы бір күдікті.

Қамаудағы күдіктілердің қолына тамақ болмаса да, теоефонның қалай түскені белгісіз. Аталған жағдайға қатысты қызметтік тергеу басталды.

Аталған фактіге байланысты тексеру шаралары жүргізілуде. Бұл ретте мәселе сол күні-ақ жедел шешілді, жағдай бақылауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Кінәлі деп танылғандар қатаң тәртіптік жазаға тартылады, - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025
MalimBlocks