457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылары іздеу жарияланды

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Абдиғапаровқа іздеуге жарияланды, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі kaztag.kz-ке сілтеме жасап. 

Іздеу базасында жарияланған мәліметке сәйкес,
Алмабек Қанат — 1984 жылғы 10 сәуірде туған, Қазақстан азаматы, ұлты — қазақ, іздеуде жүргеніне үш күн болған. Іздеу ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген, бастамашы — ҚР ІІМ. Іздеуді жүргізіп жатқан орган — Қарасай ауданының полиция басқармасы.

Абдиғапаров Данияр Амалбекұлы — 1982 жылғы 1 наурызда туған, Қазақстан азаматы, ұлты — қазақ, іздеуде жүргеніне үш күн болды. Оның да ісі 23 мамырда тіркелген. Іздеуді Қарасай ауданының полициясы жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Алмабек пен Абдиғапаров аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған қылмыстық топтың мүшелері ретінде күдікке ілінген. Олардың есімі Алматы мен Алматы облысы үшін маңызды сауда нүктесі саналатын "Алтын Орда" базарын бақылауға таласқан жанжалмен тығыз байланысты. Олар рейдерлік, жемқорлық және базардағы сауда орындарын заңсыз иемдену істерімен де айыпталған.

Фото: Қылмыскерлерді іздеу базасы