«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

Оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

Берік Дәулетов

  • 15.05.2024

Шымкентте мешітте төбелес болғанын жазған болатынбыз. Оқиғаның қалай болғанын мешіт имамы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Otyrar.kz жазуынша, бүгінде оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. ҚМДБ ережесі бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында "әмин" іштен айтылады деп ескертілді. Осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзған, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз қатты эмоцияға беріліп, оған қол жұмсап жіберді, - деді мешіт имамы Берік Шотабеков.

Оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

Оқиға қатысушылары полицияға арызданды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады, - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Шымкентте мешітте «әмин» деп дауыстап айтқаны үшін төбелес болды. 

Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді.

Кейін оқиғаға байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады.

Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде, – дейді ҚМДБ.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті