Ана тілі – ар өлшемі

Бүгінде қазақ бола тұра өз туған тіліне өгейсіп қарайтындар осыны ойлағысы да келмейді. Өзге тілді білмегенді ешкім сөкпейді, ал ана тілін білмеу – ұяттың ең үлкені. Көше бойы орысша жарнамалар, шет тілдеріндегі дүкендердің атауынан көз тұнады. Көп ұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін тұрақтандыру оңай емес. Елімізде “Тіл туралы” заңның қабылдануы осыған дәлел. “Тіл біздің тұтастығымыз” , “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп айтып жүрміз. Ұлттық рух – тіл арқылы тәрбиеленеді. “Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді” дегендей өз тілімізде ойымызды, санамызды өсіре берейік. Тіл шұбарлығынан арылып, ана тілінің бай қазынасынан сусындап, тіл қадірін біліп, тіліміздің мерейін асқақтатайық, жастар! Яғни, өзге тілдің бәрін біл, бірақ өз тіліңді құрметте демекпін. Елін, жерін сүйген әр азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болғаны дұрыс. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса тілді шұбарлау, арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсең дейді халық. Алдымен тілімізді өзіміз құрметтеп, өзгелерге ұқсап жанқиярлықпен еңбек етсек, өзге ұлт өзін-өзі мойындайды. Сонда ғана тарихымыз жанданып, тіліміз өркендейді деп білемін! Өзінің ұлттық табиғаты мен болмысынан , салт- дәстүрінен және ана тілінен ажырамаған, адаспаған ұлт қана жарқын болашаққа бара алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының PHD докторы, аға оқытушы Бискультанова А.М,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының 1 курс магистранты Абжапарова Ф.А.

Самое читаемое
