Ант қабылдауына анасы келе алмаған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды

Сарбаздың әлеуметтік желіде тараған видеосы көптің жүрегін елжіреткен еді

Арман Қайыпхан

  • 12.07.2024

Ант беру рәсіміне жақындары келе алмаған әскери қызметші Александр Землянкин "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды, деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Александр Землянкин есімді жігіттің ант тапсыру рәсімінде түсіріліген видеосы тарады. Онда анасының белгілі бір жағдайларға байланысты салтанатты рәсімге келіп, қатыса алмағаны айталды. Сарбаздың видеосы көптің жүрегін елжіретті. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында Александр Землянкин "Айбынға” ауыстырылғанын мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды, – делінген жазбада.

Сарбаз өз кезегінде қуанышын бөлісіп, Отанға адал қызмет ететінін айтып, ант етті.

Мен командирлерім мен жолдастарымды жерге қаратпаймын. Командирлердің барлық бұйрығын адал орындаймын, – дейді Александр Землянкин.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады