Ақмола облысының әкімі Тоқаевқа есеп берді

Облыс әкімі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қолға алынған шаралар туралы айтты

Арман Қайыпхан

  • 05.08.2024

Президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Марат Ахметжановтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінде, көлік қызметі мен байланыс саласында оң динамика байқалады.

Сонымен қатар облыс әкімі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қолға алынған шаралар туралы айтты. Агроөнеркәсіп саласында дәнді дақылдардан 5 миллион тоннадан астам өнім алу көзделіп отыр. Мемлекеттік қаржы институттарының қолдауымен 7 ірі тауарлы сүт фермасы салынуда. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 9 жобаны іске қосу жоспарланған.

Жалпы, облыс экономикасына 179 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Өңірдің инвестициялық портфелінде 187 жоба бар. Олардың аясында 1,7 мың жұмыс орны ашылмақ. Облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру мақсатында Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды.

Әлеуетті инвесторларды тарту және оларға «бір терезе» қағидасы бойынша қолдау көрсету үшін елордада Aqmola invest инвестицияларды дамыту орталығы ашылды.

Президентке су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларының орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде 711 үй толық жөндеуден өтті. 331 үйдің құрылысы жүріп жатыр, 221 тұрғын үй сатып алынған. 1782 отбасыға бір реттік көмек берілді. 814 отбасының мүлкіне келген залал өтелді. Жабай және Қылшақты өзендерінің арналары тазартылып, айналма каналдар салынып жатыр. Сонымен қатар жағалауларды нығайту жұмыстары қолға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және облыс орталығын абаттандыру туралы баяндалды. Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын жаңғырту және жаңарту үшін 150 ескі үйді бұзу, сондай-ақ 32 көппәтерлі үй салу жоспарланған. Биыл 2 мыңнан астам отбасының баспана жағдайы жақсарады.

Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларында жалпы ұзындығы 26,4 шақырым болатын жылу желісі жөнделіп жатыр. Бұл желілердің тозу деңгейін орта есеппен 4,2 пайыз төмендетуге мүмкіндік береді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 мектептің құрылысы аяқталады. Оның төртеуі жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беріледі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша 43 мың тұрғынға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 38 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Кездесу соңында Президент Ақмола облысының стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы өңірдің еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаратынына назар аударып, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, соның ішінде егін жинау науқанын уақтылы әрі сапалы атқару маңызды екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды