АҚШ-та ұзындығы 2,6 шақырымдық көпір құлап, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті

Malim Админ

  • 27.03.2024

АҚШ-тың Балтимор қаласында Фрэнсис Скотт-Ки көпіріне жүк кемесі соғылды. Салдарынан ұзындығы 2,5 шақырымдық көпір қирап қалды. BBC мәліметінше, алты адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқыс оқиғадан бірнеше көлік, оның ішінде тіркемесі бар жүк көлігі Патапско өзеніндегі көпірден құлаған.

АҚШ-тың Федералды киберқауіпсіздік және инфрақұрылымдық қауіпсіздік агенттігінің (CISA) мәліметінше, «Dali» кемесі көпір тірегіне соғысқанға дейін «қозғалыс бағытын жоғалтқан».

Апат салдарынан алты адам із-түзсіз жоғалып кетті. Сейсенбі күні кешке АҚШ жағалау күзеті су мен ауа температурасын ескере отырып, оларды қайтыс болуы мүмкін екенін және іздеу операциясы тоқтатылғанын хабарлады.

Судан екі адам шығарылған. Біреуі медициналық көмектен бас тартқан, ал екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Олардың бәрі - сол түні көпірде жол жөндеп жатқан жұмысшылар. Мэриленд штатының губернаторының айтуынша, кеме соқтығыспас бұрын белгі берген, ал жұмысшылар апат алдында көлік қозғалысын жауып үлгерген. Билік оларды батырға теңеп отыр.

Айта кетейік, Сингапур туымен жүзіп келе жатқан контейнерлік жүк тасымалдайтын 300 метрлік «Dali» кемесі көпірге соғылған. Кеме Балтимор портынан Коломбоға (Шри-Ланка) бағыт алған.

Сондай-ақ, оқыңыз: Қайрат Боранбаев мемлекетке өткізген қонақ үйдің аукционы өтпей қалды

ФОТО: Reuters

Байланысты жаналықтар

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

28.03.2025

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

28.03.2025

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

27.03.2025

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

26.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

24.03.2025
MalimBlocks
Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

Трамп америкалық мұсылмандарға ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар беріп, мұсылмандар алдында сөз сөйледі

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровтың айтуынша, Сауд Арабиясында өткен кездесуде екі елдің делегациялары маңызды мәселелерді талқылады