Қайрат Боранбаев мемлекетке өткізген қонақ үйдің аукционы өтпей қалды

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенінің аукционы өтпеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 27.03.2024

Сауда-саттық басталған кезде тізілім веб-порталы қатысушылардан қабылданған өтінімдер жоқ, - деп хабарлайды электронды сауда платформасы.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасымен өткізілген аукцион қонақ үйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер түрінде өтуі тиіс болатын.

Қонақ үйдің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна – 587,9 млн теңге.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

объектіні сенімгерлік басқаруға беруге және оның одан әрі жұмыс істеуіне байланысты барлық шығыстар сенімгерлік басқарушының есебінен жүзеге асырылады;

әлеуетті сенімді басқарушы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуі керек;

басқару органының талабы бойынша сенімгерлікпен басқарушы айына екі рет тегін іскерлік іс-шаралар өткізуге арналған залдарды беруге міндетті;

төтенше жағдай кезінде басқару органының талабы бойынша сенімгерлік басқарушы бөлмелердің қажетті санын қамтамасыз етуге міндетті.

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Фото: Интернеттен

Байланысты жаналықтар

300 мың доза мефедрон: Астанада халықаралық есірткі тобы ұсталды

27.05.2025

Үш адамды қағып кеткен мас жүргізуші 20 тәулікке қана қамалды

27.05.2025

Қызылордада 40 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

27.05.2025

Қазақстанда жаңа 6 мереке пайда болуы мүмкін

27.05.2025

Мемлекет тірегі – тәртіп: Мәлік Отарбаев Ұлытауда қоғамдық тұрақтылық жайын сөз етті

27.05.2025

Азаматтық қоғам елдегі демократияның орнығуына ықпал етеді

27.05.2025
MalimBlocks
300 мың доза мефедрон: Астанада халықаралық есірткі тобы ұсталды

Үш адамды қағып кеткен мас жүргізуші 20 тәулікке қана қамалды

Қызылордада 40 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Қазақстанда жаңа 6 мереке пайда болуы мүмкін

Мемлекет тірегі – тәртіп: Мәлік Отарбаев Ұлытауда қоғамдық тұрақтылық жайын сөз етті

Азаматтық қоғам елдегі демократияның орнығуына ықпал етеді

Кейінгі жылдары үкімет әлеуметтік бағыттағы гранттар көлемін едәуір ұлғайтты