Ақтөбе әуежайына 1,2 трлн теңге бөлінбек

Арман Қайыпхан

  • 10.12.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президентке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен.

Президентке Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобаға 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Облыс әкімі мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан және 2025-2027 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы да айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті таныстырылды. Президент тапсырмасына сай, шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазақ боксшысы қарсыласын 37 секундта жеңді

23.05.2025

ШҚО әкімі Мемлекет басшысының жоғары марапатына ие болған мәдениет қызметкерін құттықтады

23.05.2025

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды

23.05.2025

Тергеу изоляторында әйелді зорлады деп айыпталған полицейге үкім шығарды

22.05.2025
MalimBlocks