457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбе облысында үздік 10 құтқарушыға пәтер кілті табысталды

Ақтөбе облысындағы құтқару бөлімшелеріне заманауи арнайы техника мен 10 қызметтік пәтердің кілтін салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдегі құтқару бөлімшелеріне заманауи арнайы техника мен 10 қызметтік пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

«Құтқарушыларды қолдау тек техника мен инфрақұрылым ғана емес. Бұл күнделікті қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адамдардың еңбегін мойындау. Біз алдағы уақытта да аумақтық бөлімшелерді — техникалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жүйелі түрде күшейтетін боламыз», - деп министр атап өтті. 

Қызметтік пәтерлер көп жылғы адал қызметі мен кәсібилігімен көзге түскен үздік мамандарға берілді.

Берілген техниканың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын және инженерлік көліктер бар. Бұл жабдықтар төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және бөлімшелердің техникалық мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі де құтқару қызметтерінің дайындығын арттыру мен әлеуметтік қолдау алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Сапар аясында министр ТЖД жеке құрамымен кездесіп, арнайы техникалар көрмесін аралады. Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі бөлімшелерді нығайту бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыра бермек.

Фото: ТЖМ