Елімізде картоп бағасы арзандап жатыр

Қазақстан өңірлерінде картоп жинау науқаны белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгінге дейін 907 мың тонна өнім жиналды. Биыл егіс көлемі 11 мың гектарға ұлғайып, жалпы өнім көлемі 2,7 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Бұл елдің жылдық қажеттілігінен едәуір жоғары.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге еш қауіп жоқ, сондықтан шілде айында картоп экспортына қойылған шектеулер алынып тасталды.
Қазіргі таңда ел бойынша картоптың орташа бөлшек бағасы 194 теңгені құрап, бір апта ішінде 3,9%-ға төмендеді. Экспорт бағытында да оң көрсеткіш бар: қыркүйектің басында Өзбекстанға 8,7 мың тонна картоп жөнелтілді.
Фото: gov.kz

Ең көп оқылған
