Әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы мерекемен құттықтады

Бибігүл Ахметқызы әскерилерге ақ батасын берді

Сабина Асқарқызы

  • 01.10.2024

Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің әскери қызметшілері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары  әйгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованы Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Отан қорғаушыларымен кездескен әнші әскери мамандықтың ерік-жігер мен төзімділікті қажет ететініне тоқталды. Әйтсе де кез келген жағдайда табысқа жету үшін еңбекқорлық пен өзің таңдаған іске деген адалдық қажет екенін атап өтті.

"Әскери адамдар әрқашан елінің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын. Бұл сіздердің асыл мұраттарыңыз әрі өте жауапты міндеттеріңіз", – деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы. 

Әскери қызметшілер мен курсанттар әншіге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі. 

"Біз аңыз адам, тамаша талант иесін құттықтау құрметіне ие болдық. Оған өте қуаныштымыз. Біз үшін Бибігүл Ахметқызы өнерге деген адалдықтың, үлкен рух пен күш-жігердің және өмірлік энергияның үлгісі", – деді 4 курс курсанты Жандос Ұлдахан.

Курсанттар опера әншісіне өлең оқып, домбырамен ән салып берді.

Байланысты жаналықтар

Саясаттағы монополияға жол бермейтін басқару стилі

28.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025
MalimBlocks
Саясаттағы монополияға жол бермейтін басқару стилі

Мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдеқайда маңызды

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді