Әскерилер бір тәулікте су тасқыны қауіп төндірген аймақтардан 222 адамды алып шыққан

Құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министрлікке қарасты 7 тікұшақ құрамы тәулік бойы жұмыс істеуде. Оның сыртында, табиғи апат аймақтарына салмағы 1 тонна болатын құтқару құрал-жабдығымен жарақталған 19 қызметкер жөнелтілген.
Наурыздың 30-күні әскери ұшқыштар 38 рет көкке көтеріліп, 222 адамды құтқарған. Ұшу уақыты 15 сағатты құраған.
Бірнеше күн ішінде әскери тікұшақтар үйлерін су басып, қиын жағдайда қалған халыққа 10 тонна азық-түлік, киім-кешек сияқты гуманитарлық көмек жеткізген.
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Самое читаемое
