Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Астанада түнде үсік жүреді деп күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz.
Сәрсенбі күні Астанада солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады. Түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, ауа температурасы -1…-3°C дейін төмендейді.
Алматыда кей кездері найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында кейде қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжануда. Жел солтүстік-батыстан, кей жерлерде екпіні 15-20, кейде 25 м/с дейін жетеді. Солтүстік пен орталықта өрт қауіптілігі жоғары болады.
30 сәуір мен 2 мамыр аралығында Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы, тауға жақын аудандарында қатты жауын-шашынға байланысты беткейлік ағын пайда болып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қауіпті межеден асқан жағдайда өзен бойындағы елді мекендерді, шаруашылық нысандарын және жергілікті жолдарды су басу қаупі туындайды.
Қонаев қаласында найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с. Өрт қауіптілігі жоғары болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай. Жел солтүстік-батыстан, кей жерлерде 15-20, кейде 25 м/с. Өскеменде түнде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында да түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, кей жерде екпіні 25 м/с. Семейде де жел күшейіп, өрт қауіптілігі жоғары болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, кей жерде үсік -2°C. Жел 15 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік, шығыс бөлігінде түнде тұман, үсік -2°C. Жел 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман, күндіз жел 18 м/с.
Түркістан облысының солтүстік-батысында түнде қатты жаңбыр, бұршақ. Облыстың солтүстігі мен батысында шаңды дауыл, таулы аймақтарда найзағай. Жел 15-20 м/с, кейде 23 м/с. Өрт қаупі жоғары. Түркістан қаласында түнде найзағай, жел 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде тұман, үсік -2°C. Жел 15-18 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының батысында оңтүстік-шығыс желі соғады, кей жерде 20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. Солтүстікте жер бетінде үсік -1°C. Өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында да жел және шаңды дауыл болжанып отыр.
Қостанай облысының солтүстігі мен батысында түнде тұман. Жел 15-20 м/с. Түнде үсік -1…-3°C. Қостанайда да дәл осындай ауа райы күтіледі.
Атырау облысында жел оңтүстік-шығыстан, солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс, орталық бөлігінде түнде үсік -3°C, Ақтөбе қаласында -1…-3°C. Өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с. Петропавлда түнде үсік -1…-3°C, жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстік, шығыс, батысында түнде жел 15-20 м/с. Павлодар қаласында да жел сол бағытта соғады.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда, күндіз солтүстікте найзағай мен бұршақ, кей жерде тұман, шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Таразда да сол жағдай сақталады.
Жетісу облысында найзағай мен таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, кейде 24-29 м/с. Батыс бөлігінде өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.
29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынға байланысты еріген қар суының ағыны, өзендердің көтерілуі болжануда. Бұл – сел мен су тасқыны қаупін тудырады.
Фото: pixabay.com