457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада 25-тен астам талапкерді алдаған алаяқ ұсталды

Астана полицейлері магистратура мен бакалавриатқа грантқа түсуді ақшаға «кепілдікпен» уәде етіп, талапкерлерді алдаған 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алаяқ өз құрбандарын таныстары арқылы тауып отырған. Ол телефон арқылы сенімді түрде кеңес беріп, грантқа түсуді қамтамасыз етемін деп уәде еткен және қызметі үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Қаражат делдалдар арқылы беріліп отырған. Ақша алған соң күдікті байланысын үзген. Жәбірленушілердің бірі оған 1 миллион теңге берген.

Күдіктінің жеке басы анықталып, ол қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның ескертуінше, білім гранттары тек қана конкурс негізінде беріледі. Грантты «ереже бұзып» алу мүмкін емес. Мұндай әрекеттер заңсыз жолмен мәселені шешуге тырысқан азаматтарды да қаржылық шығынға ұшыратып қана қоймай, заң алдында жауапқа тартады.
Фото: freepik.com

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00