Астанада «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

Марапат алғандар арасында әр түрлі сала мамандары бар

Malim Админ

  • 12.12.2024

Астанада «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды. Оған қоса «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болғандар белгілі болды.

-Ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады, – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсына 897 өтінім қабылданған.

Грант иегерлері ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Бұл жобалар мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес салаларын қамтиды. Биыл байқауға жаңа «Волонтерлік» деп аталатын бағыт қосылды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Грант иегерлеріне 3 миллион теңгеден қаражат берілді. 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағын алғандарға да ақшалай сыйлық пен статуэтка табысталды.

«Дарын» сыйлығы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доценті Фёдор Мальчик, Экономика институты «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі Айсұлу Молдабекова, («Ғылым» аталымы), Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Эстрадалық вокал» бөлімі әртісі Мұратбек Хайролда, эстрада әншісі Садраддин Болатқа («Эстрада») берілді.

Қазақ ұлттық өнер университетінің магистранты Бибарыс Әліш пен оқытушысы Карина Измаилова («Классикалық музыка»), Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Шаттық Уатқан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының доценті Ержан Жаменкеев («Халық шығармашылығы») лауреат атанды.

«Қазақстанның қолөнершілер одағы» ЗТБ зергері Бақытжан Үсембеков, Жас суретшілер одағының төрағасы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері» кафедрасының оқытушысы Нұрлан Сатаев («Дизайн және бейнелеу өнері»), «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Назерке Жұмабай, «QAZSPORT» телеарнасының спорт коментаторы Уәлихан Қосанбаев («Журналистика») «Дарынға» лайық деп танылды.

 «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі Дулат Жүсіпқалиев, кәсіподақтар аумақтық бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Гүлзира Атабаева («Креативті бастамалар»), қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек, қазақстандық пауэрлифтер-паралимпиадашы Давид Дегтяров та («Спорт») тізімде бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Журналистика» факультетінің докторанты Бауыржан Әліқожа, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әлихан Жақсылық («Әдебиет»), «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» киножобалар өндірісі бөлімінің басшысы Әділет Омаров, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Әсет Есжанға («Театр және кино»)  лауреат атағы берілді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі  

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.