457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада ипотекаға қатысты дау шықты

Астананың Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынының сеніміне кіріп, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жәбірленуші танысынан пәтерге ипотека алуға көмек сұраған. Күдікті оған уәкілетті органдарда байланысы бар екенін айтып, "қызметі" үшін қолма-қол 200 мың теңге сұраған.

Ақшаны алған алаяқ жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы уәдеге тойдырып, кейін онымен байланысын мүлдем тоқтатқан. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: depositphotos.com