Астанада Жақсыбековпен байланысы бар автотұрақ компаниясымен келісім бұзылды

Астананың әкімдігі «Парковочное пространство Астаны» компаниясымен келісімді бұзу туралы мәміле жасасты. Бұл компанияны елорданың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбековпен байланыстырады, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта келісімді бұзу туралы келісімге қол қойылды. Қолда бар мүлікке қатысты рәсімдер жүріп жатыр, оны (бұрынғы иесі – КазТАГ) тапсыруы керек. Барлық даулар сот тәртібімен шешіледі. (…) Қоғамдық пікірді ескере отырып, біз мемлекеттік реттеуге көшудеміз. Яғни, бұл мәселемен 100% мемлекет қатысатын кәсіпорын айналысады», – деді сәрсенбі күні Мәжіліс кулуарында қала әкімінің орынбасары Өтебаев.
Әкім орынбасарының айтуынша, жақын арада елордадағы автотұрақ бағалары өзгермейді.
«Бастапқы кезеңде сол күйінде қалады. Мүмкін өзгерістер болады, бірақ олар әріптестік талқылау арқылы шешіледі. Көптеген пікірлер мен ұсыныстар бар. Өзгерістер болмақ, бірақ айтарлықтай емес», – деді ол.
Оның сөзінше, жеңілдіктерге ие азаматтар мен ақылы автотұрақтардың жанында тұратын көлік иелері үшін жеңілдіктер сақталады.
Әкімдік мәліметінше, Астанада шамамен 600 мың көлік құралы бар, олардың 430 мыңы ғана ресми тіркелген.
Фото: КазТаг