457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанадағы автобус апаты: зардап шеккен баланың отбасына 30 млн теңгедей беріледі

Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күннен бастап жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр, деп жазды елорда әкімдігі.

Әкімдік пен автобус паркінің өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездескен.

- Қолдау көрсету бойынша мынадай шаралар белгіленді:

автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі уақытта заң аясында тиісті рәсімдер жүргізілуде);
қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;
отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;
медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;
әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіліп жатыр, - делінген ақпаратта.
Дерекке қарағанда, баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды.
Зардап шеккен қыз баланың туыстарына қабылданған және ұсынылған шаралар туралы толық ақпарат берілді.

Қала әкімдігі алғашқы күннен бастап зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп келеді. Бұл шаралар отбасыға жанашырлық пен шынайы қолдау көрсету мақсатында қолға алынды. Біздің өкілдеріміз отбасымен тұрақты байланыста болып, зардап шеккен қыз баланың сауығып, жан-жақты қолдау алуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр.

Сонымен қатар, ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады.

Еске салайық, кеше кешке Астанада қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соқтығысты. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Артынша бір зардап шегуші жолаушының жағдайы ауыр екені және ота жасалғаны хабарланды.

Бүгін зардап шеккен 1 жолаушының аяғына ампутация жасалды.

Фото: pixabay.com