Ата тарих аманаты

Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Жұбан атамыз айтқандай қазақ “мың өліп мың тірілген - халық”. Ел арасында айтылатын тәмсіл бар. Абылай хан: “Үш арманым бар еді. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім,көп қан төгілді. Екіншісі, халқыма қала, кент сала алмадым. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым” деген екен. Абылайдың асыл армандары тәуелсіздік тұсында түгелдей орындалды.

  • 08.04.2024

 Еліміз гүлденіп жасыл баққа айналды. Алтын күн шуағын шашқан көк байрағының астында 130 ұлттың өкілдері береке – бірлікпен, тату – тәтті өмір сүруде.Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әрпарағы ерекше қымбат.Бәріміздің киелі ата мекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Қазақ халқының алдына қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау.

  Ата тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын танытатын аса маңызды тарихи деректер жеткілікті. Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ұлысынан бөлініп Шу мен Таластың арасында қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты алаш анттасып, айырылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке қазақ жері деп атала бастады.

  Қасым ханның қасқа жолы хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолында күресте көшбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбегіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке “Жеті жарғыны” еңгізді. Бұл – алаш жұртының қаhармандық дәуірі. Осынау бабалардың биік рухына баршамыз айрықша құрметпен бас иіп, ризашылығымызды білдірейік. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даң қосып, абыройын арттырып, дүние жүзі алдында беделін биіктете білді. Сегізінші ғасырда тасқа қашалған Күлтегін жазуында: “Алдау мен арбауға арандаған түркі халқы бірлігінен айырылды. Тапғаштарға қайсар ұлдар құл, көрікті қыздары  күң болды” деген өкінішін ескеріп жас ұрпақ өткеннен сабақ алып, ешқашан ұмытпаса деймін. Қай заманда болмасын барлық жеңістердің бастауы береке-бірлік екенін ұмытпайық . Біз өз тарихымыздың жаңа шамшырағын жақтық. Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, бабаларымызды Ұлы Дала ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз,мұрагерлеріміз.

  Осынау кең байтақ Ұлы Дала көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала елі. Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының  PHD докторы, аға оқытушы Бискультанова А.М,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының  1 курс магистранты Абжапарова Ф.А.

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.