457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атаулы әлеуметтік көмек: цифрлық ваучер деген не?

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) жеңілдетілген бағамен сатып алуға арналған цифрлық ваучер жайлы түсініктеме берді. Бұл ваучерлер атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға арналған, деп хабарлайды malim.kz тілшісі Orda.kz басылымына сүйеніп.

Жоба туралы не белгілі:


«Қазақстанда АӘК алушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жеңілдікпен сатып алуына мүмкіндік беретін цифрлық азық-түлік ваучерлері бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобаның негізгі қағидаты — қолданыстағы бағаны тұрақтандыру тетігіне, яғни «айналым схемасына» негізделген. Бұл схема аясында сауда нысандарына айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қайтарымды қарыздар беріледі. Ал бұл қарызға жауап ретінде дүкендер АӘК алушыларға ӘМАТ-ты нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмен бағамен сатуға міндеттеледі»


деп жазылған министрлік хабарламасында.

Пилоттық жоба Ақмола облысының Ақкөл қаласында басталады. Кейін ол Көкшетау мен Павлодар қалаларында жалғасады. Цифрлық ваучер қалай жұмыс істейді: Ваучер eGov Mobile мобильді қосымшасына ендірілген «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы беріледі.АӘК алушы ваучерді қосып, дүкендегі кассада QR-кодты көрсетсе жеткілікті — жеңілдік автоматты түрде қолданылады.Ваучердің мөлшері әр адамға жеке есептеледі: әр отбасы мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде (2025 жылғы жағдай бойынша 3 932 теңге). Мысалы, 4 адамнан тұратын отбасы шамамен 16 000 теңге сомасында ваучер алады. Бұл қаражатқа алынған ӘМАТ 15%-ға дейін төмен бағамен сатылады. Жоба тұрақтандыру қорынан қаржыландырылады: 35% — кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелеуге;65% — отандық өндірушілер мен фермерлерден өнімдерді форвардтық сатып алуға бағытталады. Бұл жүйе дүкендерді тұрақты түрде ӘМАТ-пен қамтамасыз етеді, Отандық өнім өндірушілерді қолдайды. Әлеуметтік әлсіз топтарға әділетті, ашық және тиімді көмек көрсету тетігін жасайды.

Министрліктің мәлімдеуінше, пилоттық кезең аяқталғаннан кейін жоба елдің басқа өңірлеріне кеңейтіліп, 245 мыңнан астам АӘК алушыны қамту жоспарлануда. Қазақстанда «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым жоқ, бірақ әлеуметтік төлемдер бар. Адам ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов былтыр осы екі ұғымның айрмашылығын түсіндірген болатын. 

Фото: orda.kz/gov.kz