457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ауланған киіктің еті мен мүйізі қайда тапсырылады?

Киік санын реттеуге қатысты биологиялық негіздемені Зоология институты әзірлегені бұған дейін хабарланған. Осыған байланысты шығарылған қорытынды туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді.

2025 жылы Орал мен Бетпақдаладағы киік саны рекордтық деңгейге жетіп, ауыл шаруашылығы жерлеріне кіру жағдайлары жиілеген. Осыған байланысты «Зоология институты» РМК киік санын реттеуге қатысты биологиялық негіздеме әзірлеп, оны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсынды. Құжатта ғылыми деректер мен киіктің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, реттеу қажеттігі көрсетілген.

Ұсыныс бойынша, киік санын реттеу үшін Орал популяциясынан 460 мың, Бетпақдаладан 290 мың бас алу жоспарланған. Бұл жалпы санының 20%-ын құрайды.

- Аулау жынысы мен жасы бойынша биологиялық негізделген пропорцияларды сақтай отырып (тұрақты популяция санын сақтай отырып, ең жоғары ет өнімділігін қамтамасыз ететіндей текелердің 40%-ын, ұрғашыларының 30%-ын, сондай-ақ еркегі мен ұрғашы жас киіктердің 30%-ын аулау), уәкілетті органның мамандандырылған құрылымы ұйымдастыратын тиісті іс-шаралар арқылы жүргізілуге тиіс. Атап айтқанда, киіктердің тұтас етін ет комбинаттарына тапсыру керек, мүйіздерін арнайы мамандандырылған нысанда сақтап, түгендеп, таңбалау керек. Материалдық-техникалық базаны, инфрақұрылымды дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және киік популяцияларын ұзақ мерзімді тұрақты басқару стратегиясын әзірлеу бойынша шаралар ұсынылады, - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Фото: Охотзоопром БҚО филиалы