Азаматтық алатындар қазақ тілін білуге міндеттеледі

Шетелдіктерге арналған тесттер даярланады.

Malim Админ

  • 21.05.2024

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге арналған тесттерді даярлауға кіріседі, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚазАқпарат-тың жазуынша, атап айтқанда, мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда, азаматтық берілмейді. Ал тілді білудің тиісті деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайды.

Бұл тұрғыда бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден аталған тестілер қашан дайын болатынын сұрады.

Өз кезегінде С. Нұрбек көші-қон заңнамасына өзгерістер бекітілгенін еске салды.

Енді азаматтықты алу үшін тест тапсыру керек. Бұл әлем елдеріндегі қалыпты тәжірибе, яғни АҚШ, Канада, Германия, Түркияда, Ресейде осындай тәртіп бар. Біздегі тестінің үш компоненті болады. Мемлекеттік - қазақ тілін меңгеру, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихын білу ескерілген. Қазір арнайы жұмыс тобын құрып жатырмыз. Тиісті ереже мен осы тестілер әзірге дайын емес. Осы тестіні дайындау керек, - деді ведомство басшысы.

Ол бұл жұмыстардың жедел тәртіпте іске асырылатынын айтты.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады