Азаптауға бейім бе: Полицияға жұмысқа тұрғандар тексеріледі

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы азаптауға қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 02.04.2024

Академия ректоры Марат Сексембаев Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері, ІІМ және оның аумақтық органдары басшыларының қатысуымен кездесу өткізген. Жиында Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің агрессияға бейімділігін ерте анықтау жүйесі, сондай-ақ осындай қызметкерлерге қабылданатын шаралардың одан әрі алгоритмі жоқ екені айтылған.

Құқық қорғау қызметіне кандидаттар тарапынан агрессивті мінез-құлыққа бейімділігін анықтау әскери-дәрігерлік сараптаманың міндетіне кірмейді. Тиісті тест міндетті емес және тек психологтың қалауы бойынша жүргізіледі. Сол сияқты, бұл көрсеткіш азаптау қаупімен байланысты бір лауазымда ұзақ уақыт қызмет ететін қызметкерлерді де қамтымайды, – делінген хабарламада.

Ұсынылған жүйені толыққанды енгізу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажет.

Бірінші кезекте, "азаптауды қолдану қаупі жоғары лауазым" деген ұғымды заңнамалық тұрғыдан айқындау қажет. Бұған функционалдық міндеттері бейбіт тұрғындарға қатысты белгілі бір билік өкілеттіктерінің болуын көздейтін лауазымдар, яғни тергеушілер, жедел уәкілдер, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және басқалар кіруі керек. Осындай лауазымдарға қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде, сондай-ақ осы тізбедегі жұмыс істеп тұрған қызметкерлерге қатысты, оларды аттестаттау кезінде немесе азаптауды қолдану туралы шағымдар түскен жағдайда агрессияға бейімділікті анықтау үшін міндетті түрде психологиялық зерттеулер жүргізу көзделсін, - делінген хабарламада.

ІІМ өкілдері Академия ұсынған тәсілдерді қолдап отыр. Заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін оларды қолдануға дайын екенін де білдірген.

Фото: Shutterstock

Байланысты жаналықтар

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025
MalimBlocks
Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.