Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

Сұлу Бөлек

  • 16.04.2025

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде 2025 жылғы 13 сәуірден бастап ата-аналар мен басқа да жақын туыстар арасында баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне байланысты дауды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін бұл мәселелер қорғаншылық органдары қарағанымен, әр өңірде әртүрлі тәсіл қолданылған еді. Енді Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген ортақ тәртіп барлық өңірде бірдей іске асады.

Ата-анаға немесе жақын туыстарына – атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
 • жеке куәліктің көшірмесі;
 • наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
 • соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
 • мекенжайын растайтын құжат.

«Біз алғаш рет осындай күрделі де сезімтал мәселелерді шешудің бірыңғай тәртібін енгізіп отырмыз. Бұл – баланың құқығы мен мүддесін қорғауға, оның жақындарымен байланысын үзбеуге бағытталған нақты қадам», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қорғаншылық органы өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарап шығады. Осы мерзімде мамандар екі тараппен жеке сөйлесіп, қажет болса тұрмыс жағдайын зерделейді. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескеріледі.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Енді зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға болады

17.04.2025

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

17.04.2025

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025
MalimBlocks
«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Енді зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға болады

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті