457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Баласының балағат сөзі үшін енді ата‑ана жауапты

Қазақстанда қоғамдық орындарда боқтау, бұзақылық пен қорлау әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл, әсіресе, жасөспірімдерге қатысты. Енді көшеде айтылған бір ғана бейәдеп сөз үшін тек тәртіп бұзушы ғана емес, оның ата-анасы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Қорлау – қылмыстық жаза

ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес, бейәдеп түрде қорлау — қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Қорлау ауызша, жазбаша немесе интернет арқылы болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда мынадай жаза қарастырылған:

  • 100 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы — 393 200 теңге);
  • түзету жұмыстары;
  • 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс.

Бейәдеп сөз – ұсақ бұзақылық

Қоғамдық орында боқтау, айқайлау, мазасыздық тудыру – ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бап):

  • 20 АЕК айыппұл (2025 жылы — 78 640 теңге);
  • немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау;
  • қайталанса — 30 тәулікке дейін қамау.

Жасөспірімдердің жауапкершілігі

  • 14–16 жас аралығы – ата-анасына 7 АЕК айыппұл (ҚР ӘҚБтК 435-бап) — 27 524 теңге.
  • 16–18 жас аралығы – өздері жазаланады. Егер табысы болмаса, ата-анасы 10 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді (ҚР ӘҚБтК 66-бап) — 39 320 теңге.
  • 12 жасқа дейінгі балалар – жауапкершілік толығымен ата-анасына жүктеледі (ҚР ӘҚБтК 127-бап): 10–15 АЕК айыппұл (39 320–58 980 теңге).

Интернеттегі қорлау мен боқтық

Әлеуметтік желілердегі боқтық пен қорлау үшін де жаза бар:

Буллинг пен интернеттегі бейәдеп сөз үшін — 200 АЕК-ке дейін айыппұл (786 400 теңге).

Полиция әрбір істі жеке қарайды. Дәлел ретінде:

  • куәгерлердің мәлімдемесі;
  • фото, видео, аудио жазбалар;
  • сарапшылар қорытындысы (мысалы, интернеттегі жазба бойынша) қабылданады.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың наурызынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, боқтау, тиіскен әрекеттер мен қоғамдық нысандарды бүлдіру үшін жаза қатайтылған болатын.

Енді мұндай тәртіп бұзушылық үшін 69 мың теңге айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Фото: stressa.net