Баян Мақсатқызының күйеуі қызметкерлеріне 100 үй сыйлады

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан 100 қызметкеріне пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Пәтерлерді алғандардың 80 пайызы – қарапайым жұмысшылар, яғни лауазымы жоғары болмаса да, компанияға жан-тәнімен адал қызмет еткен адамдар. Олардың көпшілігі GALANZ bottlers зауыты ашылғаннан, 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Төрсенғали Алагөзовтің айтуынша, бұл шешім аяқасты қабылданған жоқ.
"Бүгін сіздерді алғыс айту үшін жинадым. Жылдар бойы бірге кәсіпті дамытып, ел сүйетін өнімдер шығардық. Сіздерді қуантқым келді. Бұл пәтерлер – менің алғысымның бір белгісі. Мұны бәрі "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" дейді, ал мен үшін бұл – жүректен шыққан әрекет", – деді ол салтанатты жиында.
Шара барысында қызметкерлерге пәтер кілттері, сертификаттар және меншік құқығын растайтын құжаттар табысталған.
Фото: bayanmaxatkyzy инстаграм парақшасынан