Бектенов тауар өндірушілерді қолдау және тасқынды болжаудың цифрлық құралдарымен танысты

Цифрлық құрал реттелетін және реттелмейтін дренажды есептеуге, сондай-ақ берілген су деңгейіндегі су тасқыны аймағын картада көрсетуге мүмкіндік береді.

Malim Админ

  • 17.04.2024

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, әзірленген жүйелер әрбір өндірістік кәсіпорынның жұмысын қадағалауға, мемлекеттік органдар тарапынан олардың мүдделеріне нұқсан келтіру фактілерін онлайн режимінде анықтауға мүмкіндік береді. Мақсат – ел нарығындағы импорт үлесін төмендету үшін отандық өнімнің дамуына қосымша серпін беру.

Қазақстанның бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайын ескере отырып, су тасқынын модельдеу және су қоймаларының деңгейін болжау жүйесінің прототипі қаралды. Тәжірибелік үлгіні әзірлеу аясында дренажды моделдеу және есептеу алгоритмдері жасалды, бірнеше өзен учаскелерінде пилоттық сынақтар жүргізілді. Цифрлық құрал реттелетін және реттелмейтін дренажды есептеуге, сондай-ақ берілген су деңгейіндегі су тасқыны аймағын картада көрсетуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов ұсынылған цифрлық шешімдерді сараптамалық талқылау қорытындысына сәйкес жобаларды мақұлдап, пилоттық режимде енгізу шараларын бастауды тапсырды. Су тасқынынан келген залалды өтеуге өтінімдер қабылдау қызметін қысқа мерзімде іске қосуды, сондай-ақ қолда бар бейнебақылау камералары арқылы онлайн режимде су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын есепке алу және бақылау жүргізу қажеттігіне тоқталды. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды IT елге айналдыру үшін стратегиялық маңызды міндет қойды. Дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы, жедел ақпаратқа қол жеткізіп, жаңа технологияларды қолдану керек. Ұсынылып отырған тәсілдерді экономиканың басқа салалары бойынша кеңейту қажет. Барлық құралдар мен мәліметтер қолжетімді. Деректер алмасуды және жүйелерді интеграциялауды дұрыс жолға қою керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге деректердің уақтылы жаңартылуын және цифрлық құралдарды өмірдің барлық салаларына жедел енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды