Бірнеше өңірде Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ табылды

Арман Қайыпхан

  • 05.03.2025

Қазақстанның бірнеше облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ару жасырылған төрт орын табылды. Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталды.

Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимаратта Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған).

Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған орын табылды, онда Benelli  моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), қос ұңғылы аңшы мылтығы, қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді.

Сонымен қатар Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық, газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.

Алматы облысындағы кенттердің бірінде арықтан әртүрлі калибрлі екі аңшы мылтығы (олардың бірі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), жарық-шу гранатасы, АК-74 магазині, жеті патрон және қара тактикалық бетперде табылды.

Нөмірлері жойылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты қосымша тексерулер жүргізіледі. Ведомство осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.

Соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту мен рейдтердің арқасында 8 119 қару, 845 граната, 114 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қару жасырылған 738 орын табылды.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.