Блогер Мерей Әбілова гендер-пати ұйымдастырды
Қазақстандық танымал блогер Мерей Әбілова мен отандық футболшы Дінмұхаммед Қашкен әке атанады.

Мерей Әбілова әлеуметтік желідегі парақшасында гендер-патиден видео салды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кадрдан блогер мен футболшының туған-туыстары келіп, ерекше сәтті бөліскенін көруге болады.
Шүкір, біз ата-ана атанамыз! Гендер-патиді ешбір интригасыз салуды жөн көрдім, - деп жазды болашақ ана.
Мерейдің құрсағындағы сәби қыз бала екен.
Оқырман қауым да танымал жұпты құттықтап, жақсы тілектерін білдірген.
«Өмірде жолы болған қыз ғой», «Сіз сияқты әдемі қыз болайын деп тұр», «Құттықтаймын», «Әлемдегі ең керемет ана-ана боласыздар», «Аман-есен босанып алыңыз», - деп жазған көпшілік.
Фото: instagram.com/dimash_kashken