"10-20 млн теңге". Димаш футболшылардың қанша жалақы алатынын айтты

Арман Қайыпхан

  • 21.06.2024

Футболшы Димаш Қашкен қазақ футболының деңгейі төмен екенін, ол не үшін дамымай отырғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

YouTube-арналардың біріне берген сұхбатында ол қанша жалақы алатынын да жасырмады. 

Табысты негізі айтпайды ғой. Бірақ аз береді деп айта алмаймын. Айына 10 миллион, кейде 15-20 миллионға дейін беріп жатады. Жас футболшылардың ішінде 1 млн теңге алатындар бар. Бірақ мен тек доп теуіп қана күн көріп отырған жоқпын. Серіктесім екеуміз Қытай мен Ресейден телефон әкеліп сатамыз. Жеткізушілер жақсы баға ұсынғасын, келісім бердік. Негізі табысым деп осы бизнесімді айта едім, – деді Димаш Қашкен.

Сондай-ақ ол қазақ футболшыларына жағдай жасалмағанын, бұл салады жемқорлық бар екенін жеткізді. 

Қазақстанда футболдың даму деңгейі өте төмен. Қиын жағдайда тұр десем де болады. Сондықтан бірден шетелге шыққан дұрыс. Жыл өткен сайын Қазақстандағы футболдың деңгейі төмендеп барады. Қазақстандық, шетелдік футболистерге жағдай жасалмаған. Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі, бірақ ештеңе істемейді, – деді Димаш Қашкен. 

Фото: kazfootball.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады