"Болашақ" стипендиясынан айырылған қазақстандықтар белгілі болды

«Болашақ» бағдарламасы аясында оқу мониторингінде 1 096 стипендиат бар

Malim Админ

  • 11.12.2024

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқандарға қатысты, сондай-ақ биыл бағдарлама аясында білім алғандардың нешеуі шетелде қалғаны жайында түсінік берді.Фото:

- Қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасы аясында оқу мониторингінде 1 096 стипендиат бар, оның ішінде 833 адам – магистратура бағдарламасы бойынша, 145 адам – докторантура бағытында, сондай-ақ тағылымдама аясында 118 адам қамтылған. Гуманитарлық мамандықтар – 443 адам (40,4%), техникалық бағытта – 482 адам (43,9%), медициналық салада – 137 адам (12,5%), ал шығармашылық мамандықтарға 34 адам (3,1%) енген, - делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, қазір:

АҚШ және Канадада – 559 адам (51%)
Ұлыбритания мен Ирландияда – 391 адам (35,7%)
Еуропада – 67 адам (6,1%)
ТМД елдерінде – 13 адам (1,2%)
Азияда – 25 адам (2,3%)
Океанияда 41 адам (3,7%) білім алып жүр.
- Қазір академиялық оқуда - 562 адам (51,3%), академиялық оқуға орналастыруға бағытталған - 36 адам (3,3%), тағылымдамаларда - 65 адам (5,9%), оқуға баруды күтіп отырған - 79 адам (7,2%), академиялық демалыста - 15 адам (1,4%), демалыста - 6 адам (0,5%), сондай-ақ академиялық оқуды аяқтап, дипломын күтіп отырған стипендиаттар қатарында 160 адам (14,6%) бар. Мұнымен қоса, Қазақстанда және шетелде бақылау жұмыстарында – 106 адам (9,7%), тіл курстарына орналастыруға бағытталған – 49 адам (4,5%), тіл курстарында жүрген 18 адам (1,6%) қамтылған, - деп нақтылады министрлік.

Жалпы, 2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 230 адам оқуын аяқтады. Стпиендиядан өз еркімен бас тартқандар да бар.

- Шетелде болуына байланысты 2024 жылы 12 адам барлық шығындарын өтей отырып, стипендиядан айырылды, 18 адам барлық шығындарын өтей отырып, өз еркімен стипендиядан бас тартты, - деп аталып өткен Ғылым министрлігі ақпаратында.

depositphotos.com 

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты