БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды

Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынған

Арман Қайыпхан

  • 20.08.2024

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Соған сәйкес БҚО-да 50 тұрғын  баспаналы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық әкімдік өкілдері көктемгі су тасқыны салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болғанын мәлімдеді. 

Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынды.

Тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қоныс иелерін құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға заң аясында тиісті көмектер көрсетілуде.

Бүгінде Теректі ауданында салынып жатқан 130 үйдің 50-нің құрылысы аяқталды. Қалған 80 үйді қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарына қолдау білдірген демеушілерге және компанияларға шынайы алғысымды алғысымды білдіремін»,- деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін БҚО-ның Теректі ауданында 30 үй сатып алынып, 395 отбасының баспанасына жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Лаура Нысанованың үйі су тасқыны кезінде жарамсыз деп танылды. Бүгін ол отбасымен бірге  қоныс тойын тойлап жатыр.

«Наурыз айының соңында үйімізді су басты. Бір қиындықтың артында жеңілдік тұрады деген шын сөз екен. Бүгін баспаналы болып отырмыз. Жарық, кең 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған үйге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», –  деді Лаура Нысанова.

Фото: БҚО әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды