Бүгін бірнеше аймақта үсік жүреді

Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді

Malim Админ

  • 19.09.2024

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 19 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.


Республиканың көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.

«Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді», — деп жазды синоптиктер.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Алматыда жер сілкінді