Екібастұзда 4 жасар бала шұңқырға құлап, ішінде суға батып кетті

Болжам бойынша, бала үлкендердің қарауынсыз ойнап кеткен

Мәди Саматұлы

  • 01.06.2024

Екібастұзда 2019 жылы туған ойын баласы қазылған, ішінде су толы шұңқырға құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 31 мамыр сағат 17:28-де Екібастұзда полицияның кезекші бөліміне ойнап жүрген баланың тайып кетіп, шұңқырға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бүлдіршінді құтқару мүмкін болмаған, бала суға батып кеткен.

2019 жылы туған баланың денесін өтіп бара жатқан адам тауып алып, шұңқырдан алып шыққан.

Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, құлап, суға батып кеткен, делінген ТЖД хабарламасында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жедел жәрдемге 16:50-де қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы ол жерге 6 минуттан кейін жеткен. Алайда медицина қызметкерлері баланың жүрегі тоқтағанын тіркеді.

Қазір осы жағдайға байланысты сот-медицина сараптамасы тағайындалған.

Фото: ekibastuz_live

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

01.05.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

Ол допты алу үшін электр станциясына шыққан