Елімізде алғаш рет құтқару станциясы іске қосылды

Петропавл қаласында Қазақстандағы тұңғыш модульдік құтқару станциясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Нысанның ашылуына ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов арнайы қатысты.
Жаңа станция Есіл өзенінің жағалауында орналасқан және Солтүстік Қазақстан облысындағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты инфрақұрылымға айналмақ. Ашылу рәсіміне өңір әкімдігі, ардагерлер және ТЖ қызметкерлері қатысты.
«Құтқарушылардың қажет жерде жедел әрекет етуіне барынша жағдай жасау — біздің басты міндетіміз. Бұл станция соның нақты мысалы», — деді министр Әрінов.
Фото: gov.kz


Ең көп оқылған
