Елімізде есірткімен байланысты қылмыс саны 2,8% өскен

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында 8 айда есірткі қылмыстарының саны 2,8% артқанын айтты.
Оның ішінде айналымға шығарылатын синтетикалық есірткінің көлемі үш есе артты (372 кг-нан 1,1 тоннаға дейін). 7 миллионнан астам доза есірткі заңсыз айналымға жіберілмеді. 105 жасырын есірткі зертханасы жойылды (2024 жылы – 43), олардың 12-сі (2024 ж. – 28) синтетикалық есірткі өндірумен, ал 93-і фитозертхана болған. Жалпы 24 мың тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді, - деді комитет өкілі.
Сондай-ақ, ол жыл басынан бері есірткі тасымалының 114 өңіраралық арнасы анықталып, 2 халықаралық арна жабылғанын атап өтті.
- Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 26 қылмыстық іс қозғалды (2024 ж. – 11). Олардың олардың бесеуі трансұлттық деңгейде (2024 ж. – 2), - деді Қуандық Әлжанов.
Бұған дейін ІІМ жыл басынан бері заңсыз айналымнан 11 тоннадан аса есірткі алынғанын мәлімдеген.
Фото: Polisia.kz

Ең көп оқылған
