Елімізде мамырда күн 40 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу барысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

Malim Админ

  • 18.04.2024

Синоптиктердің болжауынша, айдың көп бөлігінде жоғары температуралы күндер басым болады, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қазгидромет» РМК мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу барысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

Оңтүстік аймақтардағы көпжылдық мәліметтерге сәйкес, аяз, шық түсетін күндер айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда айдың соңында аяқталады, бірақ кей өңірде айдың соңында және тіпті маусымда болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Айдың көп бөлігінде температура фоны жоғары күндер басым болады деп күтілуде:

- республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін жылынуы мүмкін;

- оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.

Суық толқындарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

- елдің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында түнде -5+5°C дейін, күндіз + 10 + 15°C дейін;

- Қазақстанның батысында және оңтүстік жартысында-түнде +5 + 15°C дейін, күндіз +16 + 26°C дейін. 

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, елдің батыс аймақтарында нормаға жақын болады деп күтілуде.

Фото: telegra.ph

Байланысты жаналықтар

Қазақ боксшысы қарсыласын 37 секундта жеңді

23.05.2025

ШҚО әкімі Мемлекет басшысының жоғары марапатына ие болған мәдениет қызметкерін құттықтады

23.05.2025

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

11 мыңға жуық отбасы тұрғын үйді жалға алу бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды

23.05.2025

Тергеу изоляторында әйелді зорлады деп айыпталған полицейге үкім шығарды

22.05.2025
MalimBlocks