Енді алаяқтық жолмен рәсімделген несиені банктер өзі өтейтін болады

Арман Қайыпхан

  • 16.10.2024

Енді елімізде атына алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер есептен шығарылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіік төрағасы биыл маусым айынан бастап несие беру кезіндегі биометрия талаптары күшейтілгенін айтты. Нақты айтсақ, бүгінде қарыз берілмес бұрын биометриямен қатар екі факторлы аутентификация жүргізіледі. 

Жыл басында заңнамалық деңгейде несие алудан ерікті түрде бас тарту нормасы қарастырылды. Қазір 700 мың адам eGov-та бұл норманы қолданды. Енді егер де бұл талаптың болғанына қарамастан, несие берілетін болса, онда соттың шешімі бойынша қарыз алушыдан бұл кредит есептен шығарылады. Бұдан бөлек, қарыз алушының қатысуынсыз ресімделген борышты есептен шығару мүмкіндігі де бар. Бұл оның жеке деректеріне қандай да бір жолдармен қол жеткізілген жағдайларға қатысты, - деді агенттік төрайымы Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, агенттік бүгінде алаяқтар рәсімдеген несиелерді есептен шығару бойынша негіздемелерді кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бірінші себеп, барлық мобильді қосымшада ақпараттық киберқауіпсіздік талаптарының бұзылуында. Біз Ресейдің тәжірибесін мұқият зерттедік. Егер барлық талап орындалмаса және несие алаяқтық жолмен берілетін болса, онда банк жауапкершілік арқалайтын болады. Екіншіден, алаяқтық операциялардың типологиясы бойынша негіздемелерді кеңейтеміз. Осыларды банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесіне қосымша қосатын боламыз, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы.

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

29.04.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Елімізде несие алуы қиындай түспек

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

Тергеу аяқталды