Енді еттің сапасын QR код арқылы анықтауға болады

Қазіргі таңда жоба іске қосылып, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп тұр.

Берік Дәулетов

  • 12.07.2024

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін толық қадағалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz

Төрт түлік малды тексеріссіз союға жол бермеу мақсатында алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу үшін ведомство «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі.

Жүйе сою және ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады, сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклы туралы ақпараты бар QR кодты жасайды. 

Бұл QR ет сататын орындарда тұрады, малды ветеринарлық тексерусіз және ұша мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жоба іске қосылып, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп тұр.

Оған 1664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған.

Жүйеде 1470-тен астам ветеринар, Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.

QR-код арқылы 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкісі және 438 мың сараптама қорытындысы шығарылды.

Жүйе Ресей Федерациясымен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өтті.

Фото: freepik

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады