"Эпилепсия емес". 17 жыл құлдықта болған қыздың жағдайы айтылды

17 жыл құлдықта болған Құндыздың жағдайы сыр берген

Malim Админ

  • 19.03.2025

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Құндыздың жағдайы сыр бергенін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, кейінгі кезде Назгүл мен Құндыздың талмасы елді алаңдатқан. Руслан Өтепбай психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен мән-жайды анықтап келді.

Санжар Тұрсынметовтың айтуынша, Құндыздың жағдайы дәрілерін уақытылы ішпегендіктен асқынып кеткен. 

 

«Күні кеше психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға барып қайттық.  Бастысы, апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Тек Құндыз дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, дәлірек айтсам, Алматыдан Таразға қоныс аударғалы мүлдем ішпегендіктен, денсаулығы сыр берген. Дәрігер Санжар Тұрсынметов қыздардың жағдайымен жақынырақ танысып, қазіргі қамқоршылары Зульфия ханымға орындалуы тиіс медициналық шараларды түсіндіріп берді» - деп жазды ол. 

Сондай-ақ, ол қыздарды не үшін Алматыға әкеле алмайтынын түсіндірді. 

«Сіздерді алаңдатқан екінші мәселе бойынша... Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын. Себебі олардың заңды қамқоршысы емеспін. Ал заңға қарсы шығу-қылмыс. Тек Зульфия ханым қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда ғана, апалы-сіңлінің қамқоршысы бола аламын.  Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрасып тұруыма кедергі емес.  Әр айда бір рет барып қыздардың жағдайынан хабар алып тұрамын. Менен бөлек Мемлекет, яғни Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы өкілі де қыздарды өз бақылауына алады… p.s. Қыздарыңыз сіздерге дұғай-дұғай сәлем жолдап, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап жатыр!» - деп жазды ол. 

Фото: "Көреміз" бағдарламасынан алынған скриншот

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген