Грекия аралындағы өрт: яхтада болған қазақстандықтарға айып тағылды

Прокурорлар жаңа дәлелдер тапқанын мәлімдеген

Мәди Саматұлы

  • 30.06.2024

Грекия прокурорлары өткен аптада Сарон теңізіндегі Гидра аралында өрт қоюға қатысы бар жеке яхтадағы 8 ересек қазақстандық жолаушыны айыптады. Олардың арасында болған кәмелетке толмаған екі бала сотқа тартылмады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ekathimerini.com сайтының жазуына қарағанда, Грекия билігі Қазақстанға көмек сұрап жүгінген, себебі яхтаны жалға алушылар Грекиядан билік тарапынан тергеуге алынбастан кетіп қалған.

Айыптауды шығаруға прокурордың өрт орнында тағайындаған сот-медициналық сараптамасы кезінде табылған жаңа дәлелдемелері түрткі болды. Өрт сөндірушілер өрт шыққан шығанақта отшашулардың қалдықтарын тапқаны хабарланды, деп жазды шетелдік басылым.

Ал яхта капитаны мен бірінші көмекшісі ұсталған, қалған экипаж мүшелері шектеулермен кепілге босатылған.

Сонымен бірге, Пирей прокуратурасы Гидра өртіне қатысты іс бойынша өртті сөндіру және порт билігінің әрекеттеріне қатысты алдын ала тергеуді бастады. Яхтаны жалға алушылардың өртке қатысы бар деген күдікке алынуына қарамастан Грекиядан кетуіне мүмкіндік берген кез келген олқылықты тексеру назарға алынып жатыр.

Айта кетейік, аталған аралдағы өртке қазақстандықтардың қатысы бары туралы ақпарат өткен жолы жарияланған еді.

Алайда СІМ ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Дегенмен OCCRP (Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы) тәуелсіз журналистер ұйымының зерттеуі бойынша Persephony I яхтасының қонақтары арасында еліміздегі ең бай бизнесмендердің бірі Данияр Әбілғазин болған. 

Одан басқа Әбілғазиннің ұлы мен оның әйелі әрі Қазақстандағы ең ірі қайырымдылық қорларының бірінің жетекшісі Айдан Сүлейменова мен оның орынбасары болғаны көрсетілген.

Басқа қонақтар арасында Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, сондай-ақ оның күйеуі, KMG International NV мұнай компаниясының бұрынғы топ-менеджері Бейімбет Шаяхметов пен олардың қызы да бар.

Фото: ekathimerini.com

Байланысты жаналықтар

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

04.04.2025

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

04.04.2025

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

02.04.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен 20-дан астам қаза болды

26.03.2025
MalimBlocks
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен 20-дан астам қаза болды